jasqazaq.kz

Перуашев Қазақ Республикасы атауын ұсынды

23 қантар 2019, 14:00

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайта енгізуді ұсынды. «Ақ жол» партиясының төрағасы бүгінгі өткен Мәжілістің пленарлық отырысында Үкімет басшысының атына осындай депутаттық сауал жолдады. 

Сауалда депутат бұл атаудың шығу тарихы туралы әңгімелейді. «1920 жылы тамыз айында Мәскеуде СовНарКом шекара мәселесін жан алысып талқылағанда, Әлімхан Ермеков бірнеше рет баяндама жасады. Осы жұмысқа Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және басқа да қазақ делегациясының 12 мүшесі тікелей қатысты. Сонда олар арнайы экспедицияларда жинастырған ғылыми деректерге сүйеніп, қазақ жерінің тұтастығын дәлелдеп шықты. Нәтижесінде, сол жылы Автономды Кеңестік Республика құрылып, 1925 жылдан бастап оған халқымыздың төл «Қазақ» деген атауы берілді. 2020 жылы мемлекеттілік тұрғысынан болашақ тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған, КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының, нақтылап айтқанда Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Қазақстан атауымен қатар ресми түрде қолданылуы үшін — Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», — деп мәлімдеді Перуашев. Естеріңізге сала кетейік, мұндай бастаманы 5 жыл бұрын «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын талқылау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көтерген болатын. ҚазАқпарат хабарлағандай, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Мемлекет басшысының ұстанымын іске асыратын уақыт жеткенін айтты. «Біздің ойымызша, Елбасы ұсынысын іске асыратын кез келді. Қараны — қара, ақты — ақ, қазақты — қазақ деп атауымыз керек. Тіпті тоталитарлық совет өкіметі мойындаған Қазақ атын республикамызға қайтару — тек тарихи әділетті құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, барша көпұлтты отандастарымыздың бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенімдіміз», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда