jasqazaq.kz

Перуашев «АрселорМиттал Теміртаудың» қулығын әшкереледі

25 желтоқсан 2019, 15:06

«Ақ жол» партиясының депутаттары премьер-министр мен прокуратураға сауал жолдап, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты шара қолдануды сұрады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, бүгінде ашық ақпарат көздерінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өз табысын қалайша төмендетіп көрсететіні жайында жазылып жүр.

«Барлық экспорт компанияның Дубайдағы кеңсесі арқылы өткен. Металл шикізаты алдымен компанияның Сауд Арабиясындағы өз фирмасына өзіндік баға + 1 долларға сатылған. Содан әлемдік бағамен басқаларға сатылып отырды. Осылайша, Митталдың бір тонна экспорттан тапқан пайдасы «1 доллар» деп көрсетілген. Осының арқасында ол Қазақстандағы салықтарды да бір доллардан төлеп отырған. Ал табыстың басым бөлігі оффшордағы компанияларға түскен, әлі де түсіп келеді», — деді Перуашев.
Оның сөзіне қарағанда, дәл осы жолмен комбинат жылына жарты миллиард доллар көлемінде табыс табады. Бұл – төмендетілген табыстың көрсеткіші ғана. Ал жасырын пайда одан әлдеқайда көп. Соған қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тапсырыс алатын қазақстандық кәсіпкерлердің ақшасын уақытында бермейді. Енді, олар мәжілістің табалдырығын тоздырып, әділдік іздеп жүр.

«Әлемдегі ірі болат өндіруші компания сан алуан сылтауларды алға тартып, ылғи атқарылған жұмыстардың ақшасын жарты жыл, тіпті, одан да көп уақыт бермей отырады. 2016 жылы оның қарызы 1 миллиард теңге болса, 2017 жылы – 2 миллиард, 2018 жылы 1 миллиардтан асқан, биыл облыс пен қала басшылығы жергілікті кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша «АрселорМиттал Теміртаумен» тағы келіссөздер өткізді», — деп атап көрсетті Перуашев.

Депутаттың сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің көбісі банктен кредит алып, тапсырыстарды орындайды. Ал тендердің ақшасы уақытында төленбесе, айыппұл мен өсімпұл төлеуге мәжбүр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия