jasqazaq.kz

Пеле ауруханадан шықты

24 желтоқсан 2021, 13:58

Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, бразилиялық Пеле тоқішектегі ісікті алдырту отасынан кейін ем қабылдаған ауруханадан шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйекте Пелеге тоқішегінен ісікті алдырту отасы жасалды. 8 желтоқсанда ол ем қабылдау үшін жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған. «Пациенттің жағдайы тұрақты. Ол қыркүйекте анықталған тоқішек ісігін емдеуін жалғастырады», — делінген аурухана мәлімдемесінде.

Пеле – әлемнің футболдан жалғыз үш дүркін чемпионы (1958, 1962, 1970). Ол Бразилия құрамасының құрамында 92 матч өткізіп, 77 рет гол соққан. Пеле Халықаралық футбол федерациясының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы танылды. Форвард бразилиялық «Сантос» (1956-1974) және американдық и американдық «Нью-Йорк Космос» (1975-1977) үшін ойнаған. Спорттық жолында қақпаға 1279 рет доп кіргізген Пеленің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр