jasqazaq.kz

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

27 шiлде 2020, 10:35

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қалалық полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі– Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 11 шілдеде Түрксіб ауданында жеке үйлер алабында болған. Түсте күдікті Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген. Үйде 2 бала — төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған. Кейін Әл-Фараби даңғылындағы үйде жасырынған күдікті полициядан қашып тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен. Сол кезде майор Бақытжан Бәкіров оның артынан бірге секіріп, қылмыскерді қуып жеткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде