jasqazaq.kz

Педофилдерге xимиялық кастрация бірнеше рет жасалады

27 шiлде 2018, 12:15

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов педофилдерді бақылау шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі заңнамада педофилдерді бақылау шаралары күшейтіліп отыр. Біз оларды үнемі бақылайтын боламыз. Дәрігерлер ондай адамдардың жыныстық өзгерістерін жіті қадағалайды. Мысалы, оны түрмеден босатты дейік. Егер одан қандай да бір қауіп болса, онда xимиялық кастрацияны тағы жасайтын болады», — деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары 5 мың адамды түрмеден босатуға қатысты түсінік берді. «Бүгінде әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. «Ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам бостандыққа шығады. Олар зорлық жасаған, адам өлтірген, қарақшылық жасағандар» дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңалықтар шықты. Бұның барлығы шындыққа жанаспайды. Біреулер мәселенің анық-қанығына мән бермеді, енді біреулер сенсация жасаймыз деп, солай берді. Соның салдарынан қоғам ол жаңалықты дұрыс түсінбей қалды», — деп атап көрсетті М.Аxметжанов. Оның айтуынша, 5 мың адамның ішінде қарақшылар, педофилдер, зорлық жасағандар, адам өлтіргендер жоқ.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді