jasqazaq.kz

Педагогті газетке жазылуға мәжбүрлеген балабақшаның әдіскері жазаланды

29 желтоқсан 2020, 13:27

Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Түлкібас ауданы Састөбе ауылының «Қарлығаш» балабақшасы тәрбиешісінің шағымы бойынша әкімшілік істі қарады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, Ақмарал Бүрлібаева Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған бейнешағымында өзін мектепке дейінгі мекеменің басшысы газеттерге жазылуға күштеп жатқанын айтып шағымданған болатын. «Балабақша әдіскеріне қатысты ҚР ӘҚБТК 409-бабының 7-3 т. және 409-бабының 7-6 т. бойынша газеттерге жазылуға мәжбүрлеу және педагогикалық әдептің сақталмауы туралы екі әкімшілік іс қозғалды. Осыған байланысты ҚР заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік қолданылды және 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл алдын ала қараудың қорытындысы», — деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Педагогтердің газеттер мен журналдарға жазылуы ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін естеріңізге сала кетейік. «Жазылуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда мұғалімдер өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне жүгіне алады»,-делінген хабарламада. Біздің канал

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия