jasqazaq.kz

Педагог тапшы өңірлерге барған мамандардың айлығы басқа коэффицентпен есептеледі

12 қантар 2022, 13:10

Педагог тапшы өңірлерге барған мамандарға пәтер жалдау және коммуналдық шығындар бойынша өтем беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты. «Мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. Өңірлердегі педагогтердің тапшылығы және білім беру саласындағы үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілді», — деген министр педагог тапшы өңірлерге ең үздік түлектер тарту үшін ынталандыру шаралары қарастырылғанын айтты.

«Осы педагогтерге арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффицент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда», — деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі өткен Мәжілістің жалпы отырысында мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынған болатын.

«Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім –мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», — дедген еді Президент.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр