Ол мұндай әрекетке әйелі балық аулауға жібермеген соң барғанын айтқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
— Полицияға ауылдық дүкендердің бірінің әкімшісі жүгінді. Кешке қарай сатушы есептеу кезінде скумбрия балығы жетпей қалған. Бақылау камерасына дүкеннің жанындағы орындықта әжей сияқты отырған адам түсіп қалған. Ер адам сөреден балықты алған соң күртешенің астына жасырып, сыртқа шығып кеткен, — дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Учаскелік полиция инспекторы балықтарды 36 жастағы жұмыссыз ауыл тұрғыны ұрлағанын анықтады. Ол үш балықты үйіне бара жатқанда жеп қойған, ал қалғанын үйде жеген.
Ер адам демалыс күндері балық аулауға бармақ болған, алайда әйелі оны жібермеген. Ал дүкенге барған соң өзін-өзі ұстай алмағанын айтқан.