jasqazaq.kz

Павлодарлық полицейлер боранға тап болған жүз шақты көлікке жаяу жүріп жол көрсетті (Видео)

17 ақпан 2022, 15:31

Қар құрсауына тап болған ауыр жүк көліктері мен жеңіл автокөліктерінің жүргізушілері қозғалысты жалғастыра алмаған соң кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Еске сала кетейік, өңірде бірнеше күн бойы дауылды ескерту жарияланып, республикалық тас жолдарда барлық көлік түрлері үшін жабылды. Алайда ескертуді елеместен жолға шыққан бірқатар жүргізушілер жолда қалып қойды. Оларға тәртіп сақшылары мен құтқарушылар келіп жетті.

Омбы қаласының тұрғыны Данияр Сағындықовтың айтуынша, 15 ақпанда Павлодар – Нұр-Сұлтан тасжолында Төрт-Құдық кентінің маңында жүз шақты ауыр жүк көліктері мен жеңіл көліктер колоннасы жиналып қалған.

— Алай-дүлей боран соғып, айналада түк көрінбей кетті. Дәл алдымызда не болып жатқаны көрінбеді. Бір сәтте барлығы тұрып қалды, себебі алға жылжу мүмкін емес еді, – деді Данияр Сағындықов.

Табиғаттың тосын мінезіне тап болған жүргізушілерге көмекке павлодарлық полицейлер Қуандық Рахметов пен Біржан Нажимов келді. Олар жүргізушілерді тыныштандырып, бес көлікті қар құрсауынан қазып алып шығуға көмектесті, трос пайдаланып, көліктерді шығарды. – Содан кейін біреуі бүкіл бағанның алдында жүрді, ал екіншісі жарықты қосты. Олар көру аймағы пайда болғанға дейін осылай жүрді. Полиция қызметкерлері қар құрсауына тап болған жүргізушілерге көмектесіп, жолды көрсетті, – дейді көлік иесі Вячеслав Васильевич.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр