jasqazaq.kz

Павлодарлық машинист тұңғыш паровоздың көшірмесін жасап шықты

18 тамыз 2022, 13:24

Павлодар локомотив пайдалану депосы машинисінің көмекшісі Жанат Сейітов «Овечка» атауымен белгілі «ОВ» сериялы бірінші паровоздың көшірмесін дайындады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше , модель 1:3 масштабында жасалған. Паровоз фотосуреттер мен ескі схемалардан қалпына келтірілді. Сызбалар 1976 жылғы «Техника молодежи» журналынан алынды. Энтузиаст бір жыл бойы ақпарат жинап, теміржол техникасын қалпына келтірудің қыр-сырын білетін ресейлік шеберлермен кеңескен. Модельді құрастыру үш айға созылды. Машинист көмекшісі өз туындысын жұмыстан бос уақытта жасап шығарды.

«Паровоз аймаққа жүз жыл бұрын келген түпнұсқаның көшірмесі болды. Павлодар станциясына ол бірінші жүкті жеткізіп, осы учаскеде теміржол қозғалысын ашқан», — деп жазды ақпарат көзі.

Модель Әскери даңқ мұражайына қарама-қарсы депо аумағындағы тұғырға орнатылды.

Депода атап өткендей, «овечка» көптеген сынақтарға: бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр жылдарына, революцияға, Азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына тап болды. Деподағы паровоз моделі ағартушылық жұмыста қолданылып, оны оқушылар мен студенттерге арналған экскурсия барысында көрсететін болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр