jasqazaq.kz

Павлодарлық екі жігіт өздерінің перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан соң бір-ақ білді

26 қараша 2020, 11:22

Павлодар облысының екі тұрғыны бір-бірінің перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан соң бір-ақ білді. Бөтен отбасында өскенін білген Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов өз ата-анасымен кездесті. 35 жылғы перзентханадағы оқиға сотта қаралады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиға жайлы жергілікті журналист Салауат Игіліков желіде жазды.

Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов 35 жаста. Екеуі 35 жыл бұрын перзентханада ауысып кеткен екен. Бала күнінде оған ата-анасына ұқсамайтынын айтқандар көп болған, алайда бұған мән бермепті.

Нариман өзінің ата-анасына ұқсамайтыны туралы көп айтыла бастаған соң ДНҚ тестін тапсырады. Нәтижесінде әкесіне де, анасына да 99,99% өз ата-анасы емес екені болды. Бұған өзі де, ата-анасы да таңғалады.

Осыдан соң перзентханада екі баланы кездейсоқ ауыстырып жібергені анық болды. Жәбірленушілер аурухана атына арыз жазды.

«Әрине, мені тәрбиелеген адамдарға деген көзқарас бір сәтке де өзгерген жоқ. Олар қалай болса да менің әкем мен анам болып қала береді. Биологиялық ата-аналарым бейтаныс адамдар арасында өзіңдікіндей немесе өз адамдарың арасында бөтен адам сияқты. Мен мұны басқа жолмен айтып жеткізе алмаймын, тіпті бәрін қалай сипаттайтынымды да білмеймін. Жалпы жағдай туралы айтсам, мен үлкен соққы алдым. Өмір бойы бөтен ата-аналардың тәрбиесінде болу, оны кейін білу — қиын нәрсе екен. Менің ойымша, сот бәрін шешеді, ал мамандар болған жағдайдың барлығына заңды бағасын беруі керек», — Ержан Қуанышев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия