jasqazaq.kz

Павлодарлық әйел көңілдесі үшін баласын тастап кеткен

11 қазан 2021, 15:04

Павлодар облысында тұратын әйел жаңа көңілдесі үшін баласын тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бірнеше күн бұрын бізге Лекер ауылының тұрғыны жолықты. Ол келіні бір жарым жасар баласын тастап, өзі кетіп қалғанын айтты. Анасы үш айдан бері баласын іздеп келмеген. Полиция қызметкерлері сәбидің анасын іздеп тапты. Оның өзге ауылға көшіп, басқа ер адаммен тұрып жатқаны анықталды», — дейді Павлодар облысы Баянауыл ауданының полиция бастығы Талғат Садықов.

Полицейлер ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша баланың анасына қатысты әкімшілік материал қозғады.

Сондай-ақ, қамқоршылық органдары да осы мәселемен айналысып жатыр. Себебі әжесі немересінің жағдайына алаңдағандықтан заңды түрде қамқоршысы болғанын қалайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия