jasqazaq.kz

Павлодардағы зауытта төтенше жағдай (видео)

16 наурыз 2021, 13:38

Павлодарда алюминий зауыты цехтарының бірінде сілті төгілді. Кәсіпорындағы оқиғаға құрылғыларда туындаған ақау себеп болған. Өндірістік бөлменің бір бөлігіне жайлылып кеткен сілтілі ерітінді зауыт жұмысшылары үшін қауіпті емес деп мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Төтенше оқиғаның видеосы Instagram-да пайда болды. Видео кадрларынан жұмыс киімі мен резеңке етіктегі жұмысшылардың бірі қара сұйықтық жайылған цехта жүргенін көруге болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

«Ерітінді бүкіл цехқа жайылған сияқты. Жоспарды орындау кезінде жұмысшылар күйік және басқа да жарақаттар алады. Сілті құрамында басқа қоспалар бар. Денеге тисе химиялық қоспа бірден күйдіреді», — делінген жазба сипаттамасында.

Жазбада видео Павлодар алюминий зауытының цехтарының бірінде түсірілгені хабарланған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар видео зауыттың гидрометаллургиялық цехының бірі түсірілгенін растады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

«Зауыт құрылғысынан ақау табылды. Боксит сапасының неғұрлым жоғары кремнийге өзгеруіне және борпылдақ сазды жыныстардың басым болуына байланысты боксит литологиясы өзгереді. Ылғалдың жоғарылауына байланысты боксит қатып, құрылғыдан ақау шыққан кезде сілті төгілген. Шикі пульпаның, яғни сілтілі ерітіндісі бар бокситтің төгілу салдары жойылып жатыр. Тәулік бойы арнайы техника жұмыс істейді»,-деп түсіндірді «Қазақстан алюминийі» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Компания зауытта барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанын хабарлады.

«ГМЦ-1 учаскесі бокситті құйуға және шайуға арналған. Осы бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлер қауіпсіз жұмыс әдістерін біледі. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Зауытта қышқыл сілтіге төзімді киім, бәтеңке, резеңке етік, қорғаныш қолғап және көзілдірігі бар кешенді қорғау енгізілген»,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия