jasqazaq.kz

Павлодардағы кентті су басты

19 наурыз 2018, 18:12

Павлодардың солтүстік бөлігінде орналасқан Жаңаауыл кентінің тұрғындары еріген қар суы басқандықтан, көшеге шыға алмай отыр.

«Жаңаауылдағы қарды тасып шығаруға қаражат бөлінбеген, есесіне еріген қар суын тартып шығаруға қаржы бар. Қазір кентте суды тартып шығарумен «Гарант Строй Групп» ЖШС мердігер ұйымы айналысып жатыр», — деп мәлімдеді Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі. Әкімдік баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, мердігер ұйымның жалғыз техникасы кенттегі суды бір апта бойы тартып шығаруы тиіс, бірақ бұл мерзім созылуы да мүмкін. Өйткені ұйымның қалған тоғыз машинасы Павлодардағы суды ағызумен әлек. Кенттегі жағдай туралы оның тұрғындары айтып жатыр. «Жылда осылай қайталанады. Бірақ ТКШ сонда да көшедегі қарды дер кезінде тасып шығармайды. Бұл әлі бастамасы, қардың ери бастағанына екі күн ғана болды. Ал біз осының өзінде жұмысқа да, мектепке де, балабақшаға да бара алмай отырмыз», — дейді тұрғындардың бірі Татьяна Сүлейменова өзі түсірген видеода.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты