jasqazaq.kz

Павлодардағы даулы видеоның мән-жайы айтылды (видео)

08 маусым 2020, 12:48

Павлодарда полиция қызметкерін ұрған ер адам ұсталды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Павлодар қаласының тұрғыны үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасап, оған дене жарақатын салды.
Әлеуметтік желіде Павлодар тұрғынының полицейге шабуыл жасап, оған қол көтерген видеосы пайда болды. Тәртіп бұзушының бұл әрекетін көршісі тоқтатпақ болады. Павлодар облысының полиция департаменті осы оқиға туралы мәлімет берді. «Тергеу барысында 6 маусым күні бұрын тонау қылмысы үшін сотты болған 31 жастағы азамат К.-ның орташа деңгейлі масаң күйде қаланы абаттандыру ережелерін бұзып, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ол Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында болған», — делінген ақпаратта.
Бұл жайлы сол маңның тұрғындары учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.
Оқиға орнына келген полиция инспекторы азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы бұзғанын айтып, ескерту жасаған. Алайда азамат дөрекі былапыт сөздер айтып, полиция қызметкеріне тіл тигізе бастайды.
Учаскелік полиция қызметкерінің бұл әрекеттерді тоқтату туралы ескертуіне қарамастан, ер адам билік өкілін қорлауды жалғастырады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері азаматтың белсенді қарсылық білдіруіне байланысты арнайы құралдарды қолдануға құқылы. Алайда азаматтың қолында жас бала болғандықтан, учаскелік инспектор қорғаныс сипатындағы әрекетпен шектелді», — делінген ақпаратта.
Алайда бұл тәртіп бұзушыны райынан қайтара қойған жоқ. Ол полицейге қол-аяғымен соққы жасап, оған әртүрлі дене жарақатын салған.
Оқиға орнына жеткен полиция жасағы күдікті азаматты ұстады. Ол Павлодар қаласы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлігіне («билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану») ауыстырылды.

https://www.youtube.com/watch?v=MPwX—Dg4Vg&feature=youtu.be

Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия