jasqazaq.kz

Павлодарда жүргізуші жалған көлік нөмірін картоннан жасап алған

04 тамыз 2021, 16:07

Павлодарда шетелдік көлік жүргізушісі жалған мемлекеттік нөмірді картоннан жасап, тағып жүрген. Ер адам бұл әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция Павлодар көшелерінің бірінде жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін ұстаған. Тұрақта тұрған VIP-нөмірлі Nissan көлігі полицейлерге күдік туғызған.

«Мәліметтер қорын тексерген кезде, мұндай мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көліктердің базада жоқ екені анықталды. Кейіннен ер адамның нөмірді қарапайым картоннан жасағаны анықталды», — дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Ұсталған жүргізуші көлік нөмірін жоғалтып алғаннан кейін картонға нөмір жазып, уақытша қойғанын айтты.

«Ер адам нөмірі жоғалған жағдайда полицияға жүгінуі керек еді, оған нөмірдің көшірмесі беріледі. Ол картоннан нөмір жасап қолдануды ұйғарған. Дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», — деді Сарғұлов.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері жалған нөмір қолданғаны үшін 60-қа жуық тәртіп бұзушыны жазалаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия