jasqazaq.kz

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттан құлап кеткен

19 қазан 2020, 12:07

Павлодарда жұмысшы 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Полиция мәліметінше, өңірде 3 оқыс оқиға тіркелген.

«Бірінші оқиға 16 қазанда сағат 08.10-де Павлодар қаласы Назарбаев даңғылындағы пәтерде болған. 32 жастағы монтер пәтердегі жөндеу жұмыстары кезінде 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Екінші оқыс оқиға да осы күні сағат 10.00-де Екібастұзда болған. Қаладағы ЖШС аумағының бірінде 55 жастағы токарь жұмыс барысында аяғынан жарақат алған. Ол да ауруханаға жатқызылған.

Үшінші оқыс оқиға 18 қазанда сағат 01.40-де Екібастұзда болған. Ондағы ЖШС-ның біріндегі 31 жастағы жұмысшы кірпіш төсеп жатқан. Осы сәтте оны құрал басып қалған. Ер адам дене жарақатымен Екібастұздағы ауруханаға жеткізілген», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия