jasqazaq.kz

Павлодарда жылу трассасында ірі өрт орын алды (Видео)

25 қыркүйек 2016, 17:39

Павлодарда жылу трассасында ірі өрт орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. — «Павлодар жылу желілері» ЖШС № 3 жылу электр орталығының 150 метр жылу трассасы қызыл жалынға оранып, оқшаулағыш қаптама өртенген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Қасында қуарған ағаш болған. Мүмкін от қурап қалған шөптен жылу трассасына ауысқан, — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Сағынова. — Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 12.24-те шығып, 2 сағат ішінде ауыздықтаған. Дегенмен, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бұл жағдай қаланың жылу маусымы дайындығына еш кедергі келтірмейді деп сендіруде. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Олеся Емельянованың айтуынша, өрт 2 және 3 ЖЭО-ның арасындағы технологиялық тосқауылда орын алған. — Тілсіз жау жылу маусымына еш әсер ете қоймайды. Қазірде өрттің себептері анықталуда. Қасақана біреу от қойған деген жорамал бар, — деді Олеся Емельянова. Сурет пен видео Вконтакте әлеуметтік желісінде «Это Павлодар, Детка!» қауымдастығынан алынған.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі