jasqazaq.kz

Павлодарда жүйкесі тозған әке қызын ұрып, ұлының екі тісін сындырды

02 қараша 2021, 17:06

Павлодарда өз балаларының еркелігін көтере алмайтын әке ұлы мен қызын ұрып-соқты. Бұл факті бойынша полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментіе павлодарлық 36 жастағы әйел жүгінген.

28 қазанда шағымданған әйелдің сөзінше, күйеуі алты жасар ұлы мен жеті жасар қызын ұрыпты. Ұлдың екі тісін қағып тастаған екен.

Оқиға кезінде әйел жұмыста болған.

Үйде әкесімен бірге қалған балалар еркелеп, қайта-қайта балконға қарай жүгіріп, әкесінің мазасын алады. Балаларды «тыныштандыру» үшін ер адам ұзақ ойланбастан оларға қол көтерді, делінеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал балалардың анасы үйге келерде күйеуі жұмысқа кетіп, үйде жоқ болған.

Анасы дереу ауруханаға хабарласады. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тексеру кезінде әкесі отбасынан оқшауланды, деп қосты Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде