jasqazaq.kz

Павлодарда жоғалып кеткен ағайынды екі адамның мәйіті табылды

27 қазан 2021, 12:07

Павлодар облысында із-түзсіз жоғалған ағайынды екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жерде дала аймағында 1985 жылы туған екінші адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, олардың жоғалғаны туралы ақпаратты «Вита» іздеу жасағының еріктілері таратқан болатын. Олардың мәліметінше, 36 жастағы Бақытбек пен 53 жастағы Қабиден 5 қазанда «Хакім» шаруа қожалығы аумағынан шығып кеткен. Жоғалған екі ер адамның да ұялы телефоны өзімен болмаған.

Полицияның мәліметінше, 19 қазанда Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны арыз берген. Ол екі ағасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. 5 қазанда сағат 17:00 шамасында олар шаруа қожалықтарының бірінің жайылымдық жерінен шығып кеткені анықталды. Аталған факті бойынша полицияның барлық жеке құрамы мен шекара маңы дереу хабарланды. Жедел қызметкерлер мен волонтерлерден жедел-іздестіру тобы құрылды.

Айта кетейік, алғаш болып 25 қазан күні кешке далада аталмыш орыннан 20 шақырым жерде 1967 жылы туған адамның мәйіті табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің себебі – ағзаның салқындауы.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр