jasqazaq.kz

Павлодарда жоғалған оқушы қыз табылды

15 шiлде 2017, 21:19

Павлодарда жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына қыздың анасы Оксана Сабурова хабарлады.

«Қызым табылды, тірі, оны табуға еріктілердің бірі көмектесті. Қазір Аня үйде, әзірше өзге мән-жайын айта алмаймыз», — деді әйел. Оксана Сабурова уайымдап, іздеуге көмектескендерге алғыс айтты.

Айта кетейік, қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткеннен кейін екі тәулік өткенде табылып отыр. Жасөспірімді іздеуге полиция қызметкерлері тартылған. Қыздың ата-анасы оның сүйіктісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Еске салайық, 13 жастағы Анна Сабурова 12 шілдеде жоғалып кеткен. Әкесі кешкі уақытта қызымен телефон арқылы сөйлескен, сол әңгімесінде қызы торт сатып алуға баратынын айтқан. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі