
Павлодар қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «STOP LINE» ақпараттық-профилактикалық акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Акция аясында «Заң мен тәртіп» идеологемасының арнайы символикасымен безендірілген брендтелген трамвай пайдаланылып, ол қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған мобильді алаңға айналды.
Іс-шара барысында Жастар бастамаларын дамыту орталығының Фронт-офис волонтерлері «Тәртіпбек» маскотымен бірге жолаушылармен өзара байланыс орнатып, тақырыптық ақпараттық парақшалар таратты. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді.
Акция барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткі заттарының таралуы мен қолданылуына қарсы күрес, лудомания және өзге де тәуелділік түрлерінің профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жолаушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің салдары, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған кезде дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы жеткізілді.
«STOP LINE» акциясы маңызды әлеуметтік және профилактикалық ақпаратты қала тұрғындарына тікелей жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қоғам қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте еске салды.