jasqazaq.kz

Павлодарда үйлену тойында кафе иесі полицияны бірнеше сағат ішке кіргізбей қойған

01 қыркүйек 2020, 9:45

Павлодарда үйлену тойы өткен кафенің иесі бірнеше сағат бойы полицейлерді мекемеге кіргізбеді. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлады.

«Полиция қызметкерлері қатысқан мониторингтік топ Жаяу Мұса көшесіндегі кафелердің бірінде отбасылық салтанат өткізген карантинді бұзу фактісін анықтады. Мекеме иесі үйлену тойын жасыруға тырысып, бірнеше сағат бойы кафе есігін ашпаған», — деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері залға кіріп, тәртіп бұзушылықты видеоға түсіріп алған.

«Бұл кафені бұған дейін де құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ кафе иесі өзі үшін қорытынды жасағысы келмейтін сияқты. Жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабы («Халықтың санитариялық — эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», — деп атап өтті өңір ПД баспасөз қызметі.

Тағылған бап бойынша жеке тұлғаларға — 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Айта кетейік, мұндай жағдай қаладағы Батурин көшесіндегі мейрамханалардың бірінен анықталған. Осы факті бойынша жасалған материал тиісті шараларды қабылдау үшін Павлодар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия