
Сәуірдің 15-і күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде«Ұлыдаланың ұлағаты» атты журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің 17 ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты.

Бірінші кезеңде әр университет өз командасын таныстырды. Ал түстенкейін қатысушылар берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. С.Торайғыров университетінің ұйымдастыруымен олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлерімен таныстырды.
Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша, ӘлФарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Дулатиа тындағы Тараз мемлекеттік университеті және халықаралық ақпараттар технологиялар университеті жоғары ұпайға ие болды.

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды. Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтантұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстенкейін белгілі болады. Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.