jasqazaq.kz

Павлодарда төбесі опырылып, ортасына түскен спорт залдың күл-талқаны шықты

28 қыркүйек 2021, 14:24

Павлодарда спорт мектебінің бокс залының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы Instagram парақшасында жарияланды.

Біз осы оқиға орын алғанға дейін төбедегі жарықшақтың себебін білу үшін мамандарды шақырған едік, бірақ бүгін таңғы 10-да сықырлаған дыбыс естілді. Құлау кезінде іште вахтер, спорт ғимаратының меңгерушісі және мектеп директорынан басқа ешкім болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ, — деп түсіндірді туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, басылымда атап көрсетілгендей, ғимаратта сықырлаған дыбысты естіген бойда сыртқа қашып шығып үлгерген спортшылар болған.

Ғимарат 1984 жылы салынған, шатырлары 2010 жылы, ал қасбеті 2013 жылы жаңартылды.

Бұған дейін ғимаратта спортзалдың орнында автокөлік тұрағы болған. Қайта құрудан кейін бөлме бокс залына бейімделіп жасалды, онда 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жаттығады, — делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия