jasqazaq.kz

Павлодарда тігін салоны қасақана өртелді (Видео)

21 маусым 2021, 10:18

Павлодарлық өрт сөндірушілер «Просто Мария» тігін салонын әдейі өртегенін болжап отыр. Генерал Дүйсенов көшесі, 123 мекенжайында орналасқан ағаш ғимарат өткен түнде отқа оранды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға орнында түсірілген көптеген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар 20 маусым күні сағат 00:38-де түскен.

«Жеке тұрған бір қабатты ағаш ғимарат өртенді. Ғимараттың «Просто Мария» тігін салоны орналасқан бөлігі жанды. Қалған бөлігі пайдаланылмайды. Шатырдың ағаш құрылымдары толығымен, ағаш қабырға жартылай 550 шаршы метр аумақта өртенді. Өрт түнгі сағат 3-те сөндірілді. Апаттың алдын ала себебі – әдейі өртеу», — деді өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Дмитрий Димитрюк.

Департаменттің хабарлауынша, оқиға орнына жеке құрамның 38 адамы мен 8 техинка жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия