jasqazaq.kz

Павлодарда республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті (видео)

04 сәуiр 2019, 16:57

Павлодар облысында республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгінгі күні республика бойынша су тасқыны қауіпі тұрақты. Дегенмен, республикалық маңызы бар жолды су шаюдың бір дерегі бар. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 101 шақырымында еріген қар суы жиналып, ұзындығы 6 метрді құрайтын жол жолағын шайып кетті. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды», -деді комитет басшысы. Оның дерегінше, оқиға орнында «Қазавтожол» ЖШС-нің 13 маманы мен 8 техникасы жолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Осы тәуліктің ішінде жол қалпына келтіріледі деп ойлаймыз. Аталған жол жолағын қалпына келтіру үшін қажетті материалдар жеткізіліп жатыр. Дәл сол жерге диаметрі 2 метр болатын екі су өткізу құбыры төселген болатын. Бірақ, қар суының жиналуы салдарынан жол бүлінді», — деді В.Беккер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда