jasqazaq.kz

Павлодарда «QDigitalInform» семинары өтеді

02 қазан 2018, 11:54

А.ж. 2-3 қазанында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында «QDigitalInform» семинары өтеді. Аталмыш семинар қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында өтеді.

Семинар барысында «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының АЖС басқармасының бас маманы Тимур Оспанов өңір жастарына, оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлеріне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты кезеңдері, сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы цифрландыру жүйесі мен электронды құжат айналымы жүйесі туралы айтып береді.

Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, жемқорлық деңгейін азайтады, мемлекетті кәсіби басқаруын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маңызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесі атқарады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады.

Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры ұйымдастырады.

Уақыты: 2-3 қазан 2018 жыл, сағат 9:30-да.

Орны: «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КМУ, Павлодар қ., Ломов к-сі 38

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді