jasqazaq.kz

Павлодарда полицей асылып қалды

20 қыркүйек 2019, 11:06

Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды. Қызметкердің мәйіті көпқабатты үйлердің бірінің гаражынан табылған.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының 34 жастағы орынбасары Руслан Оспанов болып шықты. Қазіргі уақытта полиция тергеумен айналысып жатыр. «Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Оның нәтижесін қосымша хабарлауға уәде беріп отыр. Ал марқұмның туыстары біреулердің қысым көрсеткен болуы мүмкін екенін айтады. Полиция майоры Оспанов 12 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда Руслан Оспанов 35-ке келер еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде