jasqazaq.kz

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

10 маусым 2022, 15:48

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті, — деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді.

«Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған», — деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

«Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда, ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді», — деді Олег Трещев.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде