jasqazaq.kz

Павлодарда оқушылардан тестке мәжбүрлі түрде ақша жинаған

02 тамыз 2018, 14:03

Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде оқушылардың ата-аналары балалардың білімін мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу фактілері туралы мәлім етті.

Еліміздегі бірқатар өңірлерде, соның ішінде Ертіс аймағында коммерциялық ұйымдардың ақылы тестілеуін өткізу үшін қаражатты мәжбүрлі жинауға жол беретін мектеп әкімшіліктері ата-аналарды жаңылыстырып, мемлекет аппаратының имиджіне нұқсан келтіруде. Сонымен қатар, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тегін сапалы білім алуға құқылы», — деп мәлімдеді Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. ҚазАқпарат хабарлағандай, білім беру ұйымдарында тек қосымша білім беру қызметтеріне, өз бейімділіктері мен қажеттіліктері үшін төлеу қажет. Оның ішіне ақылы тестілеу кірмейді, деп хабарлады ведомствода. «Егер ата-аналар мәжбүрлі ақылы тестілеу фактілеріне тап болса, біздің департаментке 8 747 404 1424 нөмірі бойынша WhatsApp-желісіне немесе мына мекенжайға хабарласуларына болады: Павлодар, Жеңіс алаңы, 5А, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы, 4 қабат, 407 кабинет», — деп атап өтті департамент.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді