jasqazaq.kz

Павлодарда нан бағасы өсті

27 қыркүйек 2018, 17:15


Павлодар қаласында формалы нан 15-20%-ға қымбаттап, ішкі нарықта 70-15 теңгеден саудалануда.
Baq.kz жазғандай, тұтынушылардың сөзіне сенсек, ас атасы ұсақ тауар өндірушілердің сауда нүктелерінде қымбаттаған. Бұны жергілікті билік растады. Павлодар қалалық ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, өнім бағасының көтерілуі күнделікті мониторинг барысында анықталды. Нан бағасын апта басында облыс орталығындағы барлық наубайханалар көтеріп жіберген. Қазіргі таңда Павлодарда нан пісірумен 20 кәсіпорын айналысады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және дайындау бөлімінің басшысы Татьяна Нагуланың айтуынша, кәсіпорындар шикізатты, яғни астықты қымбат бағамен сатып алған. Салдарынан нан бағасын көтеруп жіберугі мәжбүр болған.
«Группа Интер» ЖШС астықтың бір тоннасын 52 мың теңгеден сатып алған. Ал бұған дейінгі баға тоннасынан 47 мың теңге болған. Сондықтан, бір бөлке тан 75 теңге болып шыға келді. Айта кетерлігі, тек бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан қымбаттады. Тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ», — дейді Татьяна Нагула.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыстың диірмендерінде 38,2 тонна астық өнімі бар. Биылғы жылғы дәнді-дақылдың үлесі – 4,2 тонна.
Қазіргі таңда облыстағы егістік алқаптарының жартысынан астамынан өнім алынды. Биылғы жылы астық және көкөніс тұқымы 1 млн. 55 мың гектарға себілді. Бұл – былтырғы жылға қарағанда 50 мың гектарға артық көрсеткіш. Дәнді-дақылдар 700 мың гектардан астам алқапқа егілді. Нәтижесінде қамбаларға 500 тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді