jasqazaq.kz

Павлодарда мүгедектерді қорлап келген мекеме анықталды

22 маусым 2022, 10:38

Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, облыстың мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған. Азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион теңге бюджет қаржысы заңсыз игеріліп, ұрланған. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету дерегін анықтадық. Сонымен қатар, тексеру барысында бейнекамералардағы жазбалар алынды. Нәтижесінде санитар мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып ұстағанын анықтадық», — дедi Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Көкімбаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр