jasqazaq.kz

Павлодарда мешітте ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды

22 желтоқсан 2017, 18:15

Павлодар қаласының тәртіп сақшылары мешітке келген адамдардың қалтасынан ақша ұрлап жүрген ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, полицияға жергілікті мешіттердің біріне барып жүретін екі адам арызбен жүгінген. Олардың айтуы бойынша, белгісіз адамдар мешіттің киім ілетін орындарында ілулі тұрған күртешенің қалтасынан ақша, банк карталарын және басқа да бағалы заттарды ұрлаған. «Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақшалай қаражат және құжаттарды ұрлаған. Бірнеше күннен кейін полицияға осыған ұқсас арызбен тағы бір жәбірленуші жүгінді. Ол жергілікті мешіттердің бірінде барсеткасының, 15 000 теңге ақшасының ұрланғанын айтты», — деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 1994 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. «Тергеу барысында күдіктінің мешітке кіріп, келушілердің аңқаулықтарын пайдалана отырып, кіре берісте тастап кеткен сыртқы киімдердің қалтасынан ұрлық жасағандығы анықталды. Кейін көзге түспей қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазіргі уақытта полицейлер оның облыс орталығы аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде», — делінген хабарламада. Аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды