jasqazaq.kz

Павлодарда мемлекеттік субсидиядан 216 млн теңге жымқырылған

14 қыркүйек 2021, 17:23

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған тұлғалар тобы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны С.Мукин мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны «Герефорд», «Симментал» асыл тұқымды қара мал ретінде көрсеткен.

Атап айтқанда, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ІҚМ туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамайды.

Бұдан әрі 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін С.Мукин басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмек көрсеткен.

Тергеу анықтағандай, мұндай схема бойынша Павлодар облысындағы 10 шаруа қожалығы 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алған.

Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде