jasqazaq.kz

Павлодарда мектептегі өрт аумағы 5 есеге ұлғайды (видео)

21 сәуiр 2022, 13:11

Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған. Бұл туралы   Tengrinews.kz хабарлайды.

«Шатырдағы жану алаңы алдын ала мәлімет бойынша — 1200 шаршы метр. Өрт тарап кеткен, жанғыш жүк, түтін және өрттің кеш анықталуына байланысты сөндіру кезінде жағдай қиындады. Өздері сөндіруге тырысқан болса керек. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды, жеке құрам тартылды. Оқиға орнында 13 техника мен 70 адам жұмыс істеп жатыр», — деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Өрттің шығу себептері, зияны анықталып жатыр.

Сондай-ақ, ведомство өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шеккенін растады. Куәгерлердің айтуынша, өрт мектеп бөлмелерінің бірінде шығып, кейін шатырға жайылған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр