jasqazaq.kz

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан

24 қантар 2022, 14:09

Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне екі рет оқ атты, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 17:47-де 34 жастағы қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның терезелеріне оқ атқанын айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жеткен. Тексеру барысында екі оқ атылғаны және салдарынан Бұқар жырау көшесіндегі үйдің үшінші қабатында орналасқан балконның әйнегі зақымдалғаны анықталды. Полиция қызметкерлері 13-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған 7 баланы ұстады. Олар Павлодар қаласының №№ 6, 16, 24, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты.

«23 қаңтарда жасөспірімдер досына компьютерлік ойындар ойнауға жиналған. Олардың бірі өзімен бірге тапаншаға ұқсас затты алып келген, оны танысынан алған. Қызығушылық үшін балалар балконға шығып, кезекпен оқ атқан. Бұл оқтың бірі полицияға жүгінген ер адамның пәтерінің балкон терезесіне тиген», — делінген хабарламада. Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды.

Соның нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кету керек, балалардың іс-әрекеттері үшін заңды өкілдері жауап береді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр