jasqazaq.kz

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген сот қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды

16 ақпан 2022, 10:16

Мас күйінде көлік жүргізген Павлодар облыстық сотының қызметкері 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соттың мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 23.35-те Павлодар көшелерінің бірінде Павлодар облыстық сотының 31 жастағы қызметкері мас күйінде ұсталған.

«Полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Тексеру барысында ол 40 минут бұрын 3-4 стакан шарап ішкенін мойындады. Сондай-ақ, алкотестер алкоголь ішкенін растады», — деді Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Руслан Орумбаев.

Сондай-ақ, ол екінші рет жүргізілген медициналық тексеруде жүргізушінің қанынан мастық белгілері анықталмағанын атап өтті. Бірақ бұл тексері белгіленген ереже бойынша жасалмағандықтан, сот оны есепке алмаған.

«Атап айтқанда, ережеге сәйкес қайталама сараптама екі сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бірақ бұл жағдайда ол тексеріс белгіленген уақыттан кеш жүргізілген. Дегенмен бұл сараптама да алкоголь ішкендігін анықтады», — деді Орумбаев.

Соттың баспасөз қызметі жүргізушінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, шағымданғанын хабарлады. Нәтижесінде, істі қарау кейінге қалдырылды. Бірақ 15 ақпанда сот шағымды қанағаттандырусыз қалдырып, павлодарлық әйелдің кінәсі дәлелденді.

«Сот Павлодар қаласының тұрғынын ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны көлік басқару құқығынан 7 жылға айырып, 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», — деді Орумбаев.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр