jasqazaq.kz

Павлодарда мас адам полицейге шабуыл жасаған

07 маусым 2020, 13:52

Павлодарлық мас тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Аталмыш фактіні Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Фархад Омаров растады.

«6 маусым күні сағат 19:45-те Лермонтов көшесі, 96-үйдің әкімшілік учаскесін патрульдеу кезінде Павлодар қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Төкебаев 1989 жылы туған К. есімді азаматты байқап қалады. Одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Ер адамның жанында әйелі мен кішкентай бала болды. Полиция қызметкерінің үйге кір деген ескертуін ер адам құлағына да қыстырмаған. Керісінше полицияны балағаттап, қарсылық көрсеткен. Оны бірнеше жерден жарақаттаған. К. полиция қызметкерінің формасы мен бейнежетонын зақымдады», — деп түсіндірді Фархад Омаров.

Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде