jasqazaq.kz

Павлодарда марқұм жалғызбасты ананың банкте ақшасы барын ешкім білмеген

12 наурыз 2021, 16:37

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы жас балалардың ақшалай қаражатты мұраға алу құқығын ресімдеуге көмектесті.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған әйел жалғызбасты болған.

2016 жылы қайтыс болған әйел адамның банктердің біріндегі шотында 1,3 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаты қалғаны анықталды. Туыстары ақшаның бар екендігі туралы білмеген, алайда мұра бойынша ақша осы уақытқа дейін ресімделмеген. Бірінші кезекте оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы мұрагерлері болып есептеледі, — дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Марқұм балалардың әкесімен некеге тіркелмеген, сондықтан оның мұрагерлік құқығы жоқ.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия