jasqazaq.kz

Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

18 тамыз 2021, 9:50

Павлодарда күйеуі үстіне спирт қойып, өртеп жіберген әйел қайтыс болды.

Денесінің 50% күйік шалған әйелдің жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлап кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Розовка ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмған. Бұған дейін оның жағдайының ауыр екенін дәрігерлер айтқан болатын.

Науқастың жағдайы соңғы күндері нашарлап кетті. Осыған байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Өкінішке қарай, әйел 17 тамызда қайтыс болды, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 34 жастағы әйелді ішімдікке тойып алған күйеуі өртеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар оқыс оқиғаға дейін өзара ұрысқан. Кейін әйелі мас күйінде көлік тізгіндемек болған күйеуіне рұқсат бермеген. Ол тоңазытқышта тұрған спиртті алып, әйеліне шашып, оттықпен от қойған.

Өртенгеніне қарамастан әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда құқық қорғау органдары денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Болған жағдайға қарамастан, отбасының көршілері ерлі-зайыптылардың тату болғанын айтады. Олардың үш баласы бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия