
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
— 29 тамыз күні сағат 10.30-да «Нұрлы жол» көпірінде «Тойота ланд крузер 200» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қоршауға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпірде болған 1977 жылғы жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері облыста 278 ЖКО тіркелген, оның алтауын мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер жасаған. Алты жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, сегізі жарақат алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram