jasqazaq.kz

Павлодарда көмір өндіретін ұйымға 4,6 млн теңге айыппұл салынды

13 қазан 2021, 10:53

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес осы саладағы субъекті бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қараған. Нәтижесінде тарифтік сметада көзделген 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергені анықталған.

Департамент 2021 жылғы 1 қазанда «Богатырь Көмір» ЖШС-ге қатысты тиісті бұйрық шығарған, оған сәйкес тарифтер:

— 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында тариф 10,62 теңге/вагон-км-ден 10,55 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (0,7%);

— 2022 жылғы 1 ақпан – 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагон-км-ден 10,92 теңге/вагоно-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.

Жол берілген бұзушылық үшін «Богатырь Көмір» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия