jasqazaq.kz

Павлодарда қос елдің азаматтығымен жүрген ерлі-зайыптылар елден қуылды

08 маусым 2022, 22:14

Павлодар облысында ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысының тұрғыны әйелімен бірге Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясының азаматтығын алған және ол жайлы тиісті органдарға хабарламаған. – 15 мамырда ер адам және оның жұбайы Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ ол жайлы қолданыстағы заңнамада белгіленген уақытта мәлім етпеген. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен шетелдіктерді елден шығару туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің инспекторы Әділ Шәріпов. Шарбақты аудандық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағандарға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Немесе Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жібереді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде