jasqazaq.kz

Павлодарда қоқыстан табылған баланың видеосы тарады

31 қантар 2018, 14:35

Павлодарда табылған нәресте Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында. Медицина қызметкерлері сәбидің суреті мен видеосын тарату арқылы оның туыстарын табуға үміттеніп отыр деп жазады BNews.kz.

Құтқарылған кішкентай пациенттің жағдайы туралы орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова айтып берді.

«Нәрестені танитындар табылып қалуы мүмкін деген мақсатпен оның суреті мен видеосын көрсетіп отырмыз. Екіншіден, халықты тыныштандырғымыз келеді. Қазіргі кезде балаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Нәрестенің жолы болды. Ол 20-30 минут бойы аязда қоқыс жәшігінде жатқан. Оның қолдары тоңа бастаған. Ұл бала таза төсек жаймасы мен көрпеге оралған күйінде табылған. Басында қатты қорқып кеттік. Оны тез арада жылыттық, тамақтандырдық, медициналық сараптама және рентгенмен тексеріс жасадық. Қазір нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, физиологиялық процестер қалыпты жүріп жатыр. Сәби өте белсенді. Баланың салмағы – 3040 грамм», – деп мәлімдеді Айман Оспанова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты ауыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылған болатын. Баланың туғанына шамамен 10-12 күн болған.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды