jasqazaq.kz

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің жағдайы ауыр

30 қантар 2018, 12:02

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының мәліметінше қоқыстан табылған сәбидің жағдайы ауыр. Шақалақ мерзімінде туған әрі оның дамуында еш кемшілік жоқ, деп хабарлайды Today.kz.

Дәрігерлер сәби шамамен 10-12 күн бұрын туылған деп отыр. Сәбиді облыстық перинатальды орталыққа жедел жәрдем жеткізген.

Сәбидің дене температурасы 35,4 градус болған, орталыққа жұққа жапқышқа оралған күйі әкелінген.

«Сәби перинатальды орталыққа жеткізілген соң барлық реанимациялық және емдік шарасы жасалды. Қазір сәби ауыр жағдайда. Бөбекті тамақтандырдық, барлық дене мүшесі сау. Сәбидің денесін суық алғанымен, дене температурасын бір қалыпқа келтірдік. Оның қоқыс жәшігінде қанша уақыт жатқаны белгісіз. Түні бойы сәби үшін дәрігерлер қызмет етті, сәби тірі», — дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев.

Басқарма басшысы қаңтардан бастап өңірде 576 ер бала дүниеге келгенін және қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Павлодарда қоқыс жәшігінде жатқан сәбиді тұрғындардың тауып алғаны туралы жазған едік.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды