jasqazaq.kz

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған спортшы ұсталды

29 қыркүйек 2021, 12:54

Қатты мас болған жеңіл атлет полицейлерге теңіз жағасында жүгіріп жүргенін айтқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, автопатруль Н.Назарбаев даңғылының бойында күннің суықтығына қарамастан, көлік жүретін бөлікте бір майкамен жүгіріп өткен жас жігітті байқаған.

Біріншіден, ол төтенше жағдай туғызған, екіншіден, өз өміріне қауіп төндірген, себебі көліктің астына түсуі мүмкін еді. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы өтінішіне қолын бұлғап, өтіп кеткен.

Жас жігіт ұсталған кезінде қатты мас болған. Өзінің Павлодарда ұсталғанына таң қалған, өйткені ол теңіз жағалауымен жүгіріп жүргеніне сенімді болған.

— Жас жігіттің бірнеше жыл алкогольге тәуелділіктен зардап шегетіні және полиция есебінде тұрғаны анықталды, — делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, облыста мұндай тұрғындардың саны 4 мыңнан асады. Полицейлердің айтуынша, бұдан шығудың жалғыз жолы — алкоголизмнен емдеу.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия