jasqazaq.kz

Павлодарда есірткі сатушы студент ұсталды

19 наурыз 2022, 13:01

19 жастағы студенттен 12 грамнан астам синтетикалық ұнтағы бар 13 бума табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Павлодар облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлеріне жас жігіттің заңсыз заттарды таратумен айналысқаны туралы жедел дереккөздерден ақпарат түсті», — деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов арнайы іс-шаралар барысында күдіктінің анықталып, ұсталғанын айтты.

«Ол Павлодар қаласындағы оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті болып шықты. Жас жігіттен ұнтақты зат салынған 13 бума тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша салмағы 12 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары екені анықталды», — деді Б.Нұрсейітов.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.

«Күдіктінің интернет арқылы есірткі дүкендерінің біріне курьер болып жұмысқа орналасқаны қаралып жатыр. Айыпталушы оларды үйінде бір реттік дозаға орап, қала бойынша таратқан», — деп атап өтті ПД.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде