jasqazaq.kz

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының директоры сотталды

17 маусым 2021, 16:38

Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ERTIS футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты бюджетке салықтарды төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органдарына бұрмаланған деректері бар мағлұмдаманы ұсынғаны анықталды. Сол арқылы мемлекетке 193 миллионнан астам теңгеге төленбеген салықтар түрінде залал келтірді», — делінген хабарламада.

Клуб директоры 3 жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.

ҚМА өкілдері ҚР ҚК-тің 245-бабына сәйкес бюджетке салықтарды және өзге де төлемдерді өтеуден жалтару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия