jasqazaq.kz

Павлодарда ер адам көшедегі адамдарға пышақ ала жүгірген

07 қыркүйек 2021, 12:40

Павлодарда полиция қызметкерлері көшедегі адамдарға жөн-жосықсыз пышақ сілтеген ер адамды залалсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті атап көрсеткендей, 7 қыркүйекте сағат 11: 10-да полицияға Павлодарда Камзин көшесі, 158 үй маңында ер адам қасынан өткендерге пышақ ала жүгіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны бірден аттанды, олар ер адамды Қамзин көшесі, 162 үй маңынан байқаған.

Оқиға видеоға түсіп қалған.

Ер адам полицияның сабырға шақыру өтінішіне агрессивті түрде жауап берді. Ол айқайлап, айналасындағыларды балағаттап, пышағын оңды-солы сермей берді, — дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция ер адамды батальон офицерлері ұстағанын, пышақ тәркіленгенін атап өтті.

Павлодар қаласының 2001 жылғы тұрғынының облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Полиция жедел жәрдем бригадасын шақырып, ер адамды жедел жәрдем ауруханасына жатқызды. Ер адамның «серуені» кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, — дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде